12 қыркүйек күні біздің мектепте Отбасы күніне орай спорттық-сауықтық «Көңілді старттар» сайысы өтті. Оған 4-сынып оқушылары, ата-аналар, ұстаздар және 10-сынып оқушылары қатысты. 10-сынып оқушылары 4-сынып оқушыларына тәлімгер болды.
Шара жылы, достық атмосферада өтті. Қатысушылар үлкен жігермен эстафеталардан өтіп, ептілік, жылдамдық және ұйымшылдық бойынша бақ сынады. Командалар тек жақсы дене дайындығын ғана емес, сондай-ақ өзара қолдауды, көтеріңкі көңіл күйді көрсете білді, жастары әртүрлі болса да бірліктерін паш етті. «Көңілді старттар» барлық қатысушылар үшін нағыз мерекеге айналды. Жеңісті 4 «в» сынып оқушыларынан құралған құрама команда иеленсе, 2-орынды – 4 «а» сыныбы, ал 3-орынды 4 «ә» және 4 «б» сыныптары еншіледі.
Отбасы күніне арналған «Көңілді старттарды» өткізу – мектебіміздің игі дәстүріне айналған және тәрбие жұмысының маңызды бөлігі болып табылады.