2025 жылдың 13 қазан күні "Магжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицей"КММ орыс тілі мен әдебиеті апталығының ашылу салтанаты өтті.
Іс-шара әсерлі презентациямен басталып, оқушылар орыс тілінің байлығы мен көркемдігін өлеңдер, әндер және шағын көріністер арқылы көрсетті.
Орыс тілі пәнінің мұғалімдері апталықтың жоспарымен таныстырып, викториналар, мәнерлеп оқу байқаулары, көрмелер мен әдеби кештер туралы айтып өтті.
Апталықтың мақсаты — оқушылардың орыс тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, таным көкжиегін кеңейту және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Ашылу салтанаты жылы әрі шабытты атмосферада өтті.
Алда — қызықты да танымды күндер!
