2025 жылғы 08 қаңтар күні "Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицей" КММ " Оқу нәтижелерін бағалау: жаңа тәсілдер мен әдістемелер» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Мақсаты - білім алушылардың оқу жетістіктерін талапқа сай жоспарлау, ұйымдастыру арқылы оқыту сапасын арттырудың жолдарын қарастыру.
Кеңесті мектеп директоры Касенова Бикеш Жанузаковна ашты. Күн тәртібімен таныстырды. Бағалаудың білім беру үрдісіндегі рөлі туралы өз ойларымен бөлісті.
Келесі кезекте директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Ауганбаева З.Н. сөз алып, педаагогикалық ұжымға Ф.П. Решетниктің "Тағы да екілік" картинасы желісімен түсірілген қысқаметражды фильмін ұсынды. Кейін ұжым оқушының жағдаятын мұғалім, ата-ана, оқушы рөлінде талдау арқылы бағалаудың маңыздылығын саралады. Тәжірибелі мұғалімдерден құралған топ бағалауды тиімді жүзеге асыру бағытында ақыл-кеңес берді, жадынама жазды. Әкімшіліктен құралған топ "Сыншыл дос" ретінде сыни пікірлерін білдірді, ұсыныстар айтты.
2-мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Бакеева М.Т. мен Жамулдинова Ж.И. ІІ тоқсан қорытындысымен таныстырды. І тоқсан қорытындысымен салыстырмалы түрде сараптама жасады. Сынып жетекшілерімен, пән мұғалімдерімен пікіралмасу болды. Кейбір олқылықтарды жоюдың жолдары қарастырылды.
Келесі сөз кезегін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Чернова Е.Н. алып, "Балалардың қауіпсіздігі - ересектердің міндеті" тақырыбында ұжыммен пікіралмасты. Пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері қорлауды ерте анықтау бойынша әрекеттер алгоритмін ұстануы керектігін ескертті. Сынып жетекшілерінің қауіпсіздік ережелерін сақтау және алдын алу шараларын жоспарлауы бойынша ақыл-кеңес берді. Педкеңес соңында шешім қабылданды.