2024 жылдың 18-қыркүйегінде «М.Жұмабаев атындағы ІТ мектеп-лицейі» КММ-де 5-6 сынып ата-аналарына арналған жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысы өтті. Тақырыбы: «Ата-аналар мектебі. Бала қауіпсіздігі - маңызды құрамдас бөлік болып табылады (физикалық және психологиялық денсаулық). Жасөспірімдердегі ұйқы: академиялық және мінез-құлыққа әсері». Бұл кездесу ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы аясында ұйымдастырылды.
Мақсаты: ата-аналардың бала қауіпсіздігі мәселелері бойынша педагогикалық сауаттылығын және күнделікті тәртіпті сақтаудың маңыздылығын арттыру. Жиын басында директордың оқу-ісін басқару жөніндегі орынбасары Жамулдинова Жібек Ескенқызы кіріспе сөз сөйледі.
Келесі кезекте филиал меңгерушісі дәрігер Р.Б.Мадуов пен дәрігер-эпидемиолог А.Ж.Қабдуова 11 жастағы оқушыларға екпе салу туралы ата-аналармен әңгімелесті.
«Жасөспірімдердегі ұйқы: академиялық және мінез-құлыққа әсері». Мектеп психологтарының жұмысы туралы мәлімет. Осы мәселе бойынша педагог-психолог Әсем Абылайқызы Молдабаева сөз сөйледі. Құқық бұзушылық пен қылмыстың, бұзақылықтың алдын алу. Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу – полиция капитаны Байдилдина Жадыра Таласбайқызы.
Бірыңғай білім беру бағдарламасымен директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Сұлтанова Гүлім Мұратқызы таныстырды. Мектеп формасын сақтау ережелері де айтылды.
Кездесу соңында сынып жетекшілері ата-аналармен оқушыларды қосымша жұмыспен қамту туралы әңгімені жалғастырды. Келіп түскен сұрақтарға жауап берді.
Хештег:#біртітас_тәрбие
Хештег:#біртітас_тәрбие