“Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицей” 6–7 сынып оқушыларымен “Менің жетістіктерім” тақырыбында тренинг өткізілді. Бұл тренингте білім алушылар жетістік ұғымымен танысып, өз жетістіктерін ортаға салды. Әр оқушы өз табыстары жайлы айтып, бір-бірімен ой бөлісті.⠀Тренинг барысында “Жетістік формуласы” құрылып, болашақта жетістікке жетудің жолдары талқыланды. Тренингтің мақсаты: оқушылардың өзін-өзі тануына, сенімділігін арттыруға және болашаққа мотивация алуға көмектесу.