Көрмеде отбасы өмірінің сәттерін бейнелейтін жарқын, жылы әрі шынайы фотосуреттер ұсынылды: бірлескен демалыс, мерекелер, отбасылық дәстүрлер және жақындармен өткізілген бақытты сәттер. Әрбір фотосуретке отбасы туралы қанатты сөздер қоса берілді. Сонымен қатар оқушылар өз бастамасымен «Менің отбасымды қалай көремін» тақырыбында суреттер салды.
Фотокөрме балалардың, ата-аналардың және мұғалімдердің үлкен қызығушылығын тудырды. Көпшілігі суреттерді тамашалап, өз оқиғаларымен, естеліктерімен бөлісті. Іс-шара мерекенің сәнін келтіріп қана қоймай, әрбір адамның өміріндегі отбасының құндылығын тағы бір мәрте еске салды.
