Әр сейсенбі сайын мектебімізде алғашқы сабақтарда сергіту сәттері өткізіледі.
Сергіту сәттері – бұл оқушылардың шаршауын басу, зейінін арттыру және жалпы көңіл-күйін жақсарту мақсатында оқу күні ішінде жүргізілетін қысқа дене жаттығулары. Әсіресе бастауыш сыныптарда олардың маңызы зор, себебі балалар ұзақ уақыт бойы назарын тұрақты ұстай алмайды және бірсарынды ой еңбегінен тез шаршайды.
Оқушыларға бұл іс-әрекет өте ұнайды. Олар өздері де белсенді түрде шығып, жаттығуды жүргізуге ерікті болып қатысады.