Мұндай ізгі шараның негізін 1996 жылы облыстық "Қазақ тілі " қоғамының мүшелері: Жангелді Тажин ағамыз бен Әбілқасымов Сабыр және Өмір Есқали ағаларымыз бастаған еді. Сол кезде жаңа ашылған қазақ мектебінің кітапханасына оқулық пен әдеби кітаптар тапшы болған еді. Осы бастама біраз жалғасып, кейін үзіліп қалды. Содан бері 30 жылға жуық уақыт өткеннен кейін осы игі істі қайтадан қолға алуды Өмір Есқали аға ойға алып , акцияны солтүстік өңірдің ақиық ақыны, әйгілі жерлесіміз Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицейден бастамақшы болып , мектебімізге 100 әдеби кітап сыйға тартты. Қазір бұндай іс-шараны челлендж деп жаңаша атап жүр. Өңіріміздің қазақ тіліне жанашыр азаматтарын осы «Мектепке-100 кітап» қайырымдылық челленджісіне қатысуға шақырамыз. Өмір Есқали: « Жұмыла көтерген жүк жеңіл . Ұлттық мектептер мен балабақшаларға барынша жәрдемдесіп, сауабын алайық!!!»