КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
«Ашық алаң: Инженер – жол сапасының иесі»
Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ - мектеп-лицейде 12 қараша күні «Ашық алаң» жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының инженерлері – Галямов Салават Фидиратович және Тургунов Галымжан Жамбыловичпен диалог форматындағы кездесуі өтті.
Мақсаты: Оқушыларға инженер мамандығының мәнін түсіндіру, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік жасау және жол сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мамандықтарға қызығушылық тудыру.
Қонақтар инженер мамандығы, жол сапасын бақылау және жаңа технологияларды енгізу туралы айтып беріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Осылайша, оқушылар өздеріне керекті ақпарат пен нақты жауап алды. Кездесу оқушыларға жол сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін инженер мамандығының маңызды рөлін түсінуге мүмкіндік берді.
#АдалАзамат, #КәсібиБағдар, #Профориентация