2025 жылғы 8 қазанда “Мағжан Жұмабаев атындағы IT –мектеп-лицей”оқушылары «Өрлеу» филиалында өткен технологиялар саласына маманданған шетелдік университет өкілдерімен кездесуге қатысты.
Бұл кәсіби диалог алаңында Малайзияның Селангор штаты, Серданг қаласындағы Путра университетінің компьютерлік ғылымдар және ақпараттық технологиялар факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, жалпы білім беретін мектептердің педагогтері, білім алушылары және студенттер бас қосты.
Шетелдік ЖОО спикерлері — Abdullah Lili және Abdullah Azizol қауымдастырылған профессорлары қатысушылардың халықаралық білім алу мүмкіндіктері мен IT саласындағы мансаптық өсу келешегі туралы көзқарасын кеңейтті. «Жұмысшы мамандықтарының жылы» аясында білім алушыларды заманауи IT салаларына тартатын, инженерлік-техникалық мамандықтарға қызығушылықты арттыратын, жобаларда бірлесіп жұмыс жасау дағдыларын дамытатын кәсіптік бағдар беру платформасын құру туралы айтып өтті.
#кәсібиБағдар #АдалАзамат
