КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ
Ашық есік күні. “Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицей” КММ 9-сынып оқушылары Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде өткен Ашық есік күніне қатысты.
Іс-шараның мақсаты – тарихы терең, дәстүрі қалыптасқан, түрлі бағытта бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтын оқу орнын таныстыру және түлектерге болашақ мамандықтарын таңдауға көмек көрсету.
Оқушыларға колледж бойынша экскурсия ұйымдастырылып, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған аудиториялармен таныстырылды.
Мектеп оқушыларына колледж өмірінің артықшылықтарын көрсету мақсатында шағын концерт ұсынылды. Онда колледж студенттері өз өнерлері мен жетістіктерін көрсетті.
#кәсібиБағдар @collegemzhumabaeva #АдалАзамат