📑 9 қыркүйек күні М.Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицейінің
11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында мектеп психологы мен кәсіби бағдар берушімен кездесу өтті.Оқушыларға Қазақстанның жетекші университеттері, олардың рейтингі мен мемлекеттік гранттар жайлы толық ақпарат берілді. Оқушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар оқушыларға арнайы дайындалған «Мамандықтар әлеміне жол» атты кәсіби бағдар брошюралары таратылды. Онда таңдау пәніне қарай мамандықтар тізімі мен университеттер туралы мәлімет қамтылды.
Психолог есімдерді тез есте сақтау және жеңіл, достық атмосфера қалыптастыру мақсатымен «Есім + қимыл» жаттығуын өткізді. Оқушыларға қандай жағдай болмасын, психолог пен профориентатордың көмегіне жүгінуге болатының ескертіп қойды.
Бұл кездесу түлектеріміздің болашақ мамандық пен оқу орнын дұрыс таңдауға көмектеседі деп сенеміз.
