КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ
Бүгін мектебімізге Шекара қызметінің өкілдері арнайы келіп, 11-сыныптың ұлдарымен кәсіптік бағдар беру мақсатында кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты – жасөспірімдерге шекарашы мамандығының ерекшеліктерін түсіндіру, елге қызмет ету борышы мен жауапкершілікті сезіндіру, сондай-ақ әскери бағыттағы білім мен мансаптық мүмкіндіктер туралы ақпарат беру болды.
Қонақтар оқушыларға шекара қызметінің міндеттері, әскери тәртіп, оқу орындарына түсу жолдары және қызметтің қиын да жауапты тұстары туралы баяндап берді.
Оқушылар үлкен қызығушылық танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, шекара қызметіне қабылдану шарттарымен танысты.
Мұндай кездесулер жастардың бойында патриоттық сезім мен Отанға деген сүйіспеншілікті, сондай-ақ мамандыққа деген құрметті қалыптастырады.
#АдалАзамат #Профориентация #КәсібиБағдар