Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты ағайындар, мереке құтты болсын! Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Тәуелсіздіктің түп – тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас. Балаларға отансүйгіштік тәрбие беру мақсатында 14-желтоқсан күні «Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицей» КММ кітапханасында 1986 жылғы «Желтоқсан көтерілісіне» арналған тарих керуені атты іс-шара өтті. Іс-шараға Солтүстік Қазақстан газетінің қоғамдық-саяси бөлімінің меңгерушісі, Желтоқсан көтерілісін зерттеуші, Республиканың мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі - Өмір Шалабайұлы Есқали, 1986 жылғы Алматы қаласындағы Желтоқсан оқиғасының куәгері Жұмабек Ташенов атындағы №20 мектептің мұғалімі Қазиева Айгүл Тұрсынбайқызы және Иван Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана әдіскерлері Сыздыкова Алтынай Қожабаевналар қатысып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Кездесу қызықты өтті және оқушылар маңызды мағлұматтар алды деп ойлаймыз.