Эстетикалық бағыттағы пәндер апталығы аясында 1г мен 2г сыныптарында “Дос болайық бәріміз” тақырыбында мектеп педагог-психологтарымен тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты: оқушыларға достықтың маңызын түсіндіру, бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрету, қамқорлық, мейірімділік, татулық дағдыларын дамыту.
Балалар бір-біріне жылы сөздер айтып, достарына тілектерін жеткізді.