Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінде 8- тамыз күні 1-сынып оқушыларының ата-аналары үшін жаңа оқу жылына арналған алғашқы жиналыс өтті. Бұл жиын – ата-аналар мен мектеп ұжымының танысуы ғана емес, бірлескен жолдың басталуы болды.
Жиналыс барысында балалардың мектеп табалдырығын аттауы – олардың өміріндегі маңызды әрі толқулы сәт екенін атап өтілді. Сонымен қатар оқу-тәрбие үдерісі, мектептің күн тәртібі, ішкі ережелері және бастауыш сыныптың өзіндік ерекшеліктері жайлы толық ақпарат берілді.
