Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ- мектеп- лицейде болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған “ Балақайлар мектебі” басталып кетті. Алғашқы күннен балалармен “Сандарды санау”, “Сиқырлы әліппе”, “ Түсті бояулар” тақырыбында қызықты сабақтар өтті. Сонымен бірге таза ауада жаттығулар жасап, әртүрлі ойындар ойналды.