Сабақ барысында оқушылар нағыз достық деген не екенін, адамдар арасындағы жақсы қатынасты сақтауға қандай қасиеттер көмектесетінін және неге сыныптастарды, ата-аналарды, мұғалімдерді құрметтеу маңызды екенін талқылады. Балалар интерактивті ойындарға қатысып, өмірлік жағдайларды талқылады, өз тәжірибесінен мысалдар келтірді, трендтік бейнероликтер түсіріп, суреттер салды.
Сабақ соңында оқушылар «Достық ағашын» жасап, оның жапырақтарына достық, өзара көмек пен құрметті білдіретін сөздерді жазды.
Сынып сағаты жылы әрі достық атмосферада өтіп, қатысушылардың бәрінде жағымды әсер қалдырды. Балалар мейірімді, қамқор және сыйластыққа толы болудың қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте ұғынды.
