2025 жылғы 1 қараша күні “Мағжан Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицей” КММ ата-аналар арасындағы қалалық мектепішілік волейбол лигасының ашылуы өтті.
Спартакиадаға қатысу үшін 14 мектептен өтінім түсті.
«Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицей» КММ, «№4 орта мектеп» КММ, «Дарын» мектеп-лицейі” КММ, «Әл-Фараби атындағы мектеп-лицей» КММ, «Қалалық классикалық гимназия» КММ, «Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы» КММ, «№26 мектеп-балабақша кешені» КММ, «№8 эстетикалық тәрбие беру мектеп-кешені» КММ, «№42 орта мектеп» КММ, «Әлихан Бөкейхан атындағы №25 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ, «Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп» КММ, «Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған гимназия-интернаты» КММ, «Қазақ-түрік лицейі» КММ, «№17 ұлттық жаңғыру мектеп-кешені» КММ
Спартакиаданың мақсаты:
«Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асыру, салауатты өмір салтын насихаттау және спорт арқылы ата-аналарды мектеп өміріне тарту.
Бірінші тур ойындарының нәтижесінде бірінші топтан “Мағжан Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицей” КММ командасы мен “№26 мектеп-балабақша кешені” КММ құрама командасы келесі кезеңге өтті.
Құттықтаймыз! Спорттық жетістіктеріңіз арта берсін!
