Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспары бойынша 4 "А" сыныбының жетекшісі Габбасова Б.М.- ның “Әкені көріп ұл өсер,ананы көріп қыз өсер ” атты кезекті сабағын өткізді. Мақсаты: салауатты әдеттерге баулу, ата-аналардың өзін-өзі дамыту тәсілі ретінде өз кемшіліктерімен және күшті жақтарымен жұмыс істеу мотивациясын қалыптастыру. Сабақ барысында ұжымды ынтымақтастықты арттыруға бағытталған «Киіз үй» шаттық шеңбері , "Жақсы немесе жаман қасиеттер" тренингі , болашакта балаға бағыт- бағдар көрсету жайлы талқылау жүргізілді.