"Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицей" КММ 9 Әдістемелік Бірлестік (ӘБ) қызмет жасайды. Апталық жұмыс жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 29 қазан ӘБ кезекті отырысы өтті. Отырыс басталмас бұрын педагогикалық ұжымның танымдық мотивациясын арттыру мақсатында шағын психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Күн тәртібінде І тоқсан қорытындысына, зерттеу арқылы оқыту жүйесіне аналитикалық талдау жасау мақсат етілді. Әр ӘБ 1 сағаттық жұмыс көлемінде екі айлық жұмыс нәтижесіне жаңа әрі қызықты форматта талдау жасады. Атап айтқанда, І тоқсан жігінде әр пән бойынша білім сапасына қатысты мәселелер талқыланды, кездескен кейбір олқылықтарды жою жолдарын қарастырды. ІІ тоқсанға нақты шаралар жоспарланды. Соның ішінде, «Lesson Study» зерттеу сабақтары бойынша нақты жұмыс түрлерін ұйымдастырып өткізуге басты назар аударылды. Отырыс соңында әр ӘБ ұсыныстар беріп, шешім қабылдады. Хаттама толтырылды.