Көктемнің ең шуақты әрі жылы мерекесі – 8 наурыздың басында келуі бекер емес.
8 Наурыз – сұлулық пен нәзіктіктің символына айналған мейрам. Бұл қасиеттер адамзаттың сұлу бөлігіне тән.

Мектепте осы күні қыздарға, мұғалімдерге, мектеп қызметкерлеріне құттықтау сөздері айтылды. Олар мектептің жайлылығы мен тазалығын сақтауда үлкен рөл атқарады. Әрине, осы мерекеде балалар аналарына ерекше ықылас білдіріп, сыныптық шараларға шақырып, аналарына арналған мерекелік концерттер ұйымдастырады.

Біздің мектебімізде ерекше іс-шара – «Ана мен қыз» байқауы өтті. Байқау бағдарламасы бес кезеңнен тұрды:

1. «Таныстыру» – әр жұп өзін және отбасын ерекше түрде таныстырды.
2. «Анамды білемін бе? Қызымды танимын ба?» – қатысушылар жүргізушілердің сұрақтарына жауап берді.
3. «Шығармашылық әлемі» – сайыскерлер өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, биледі, ән айтты, өлең оқыды.
4. «Ас үй шеберлері» – бұл кезеңде қатысушылар аспаздық қабілеттерін көрсетті. Байқаудың бағалау критерийлері – тағамның ерекше әрі эстетикалық безендірілуі болды.
5. «Білімділер» – қатысушылар Қазақстан тарихы мен әдебиеті бойынша сұрақтарға жауап беріп, қазақ халқының салт-дәстүрлерін қаншалықты білетіндерін көрсетті.

Әрбір сайыс жеңімпандарсыз өтпейтіні белгілі:
🥇 1-орын – Келдегулова Әсел Танатарқызы мен қызы, 9 «В» сынып оқушысы Сағындық Аружан
🥈 2-орын – Бурашева Баян Тұрсынбайқызы мен қызы, 8 «А» сынып оқушысы Серік Әдиля
🥉 3-орын – Сатимирова Жұлдыз Қабижанқызы мен қызы, 8 «Ә» сынып оқушысы Рашид Нұрай

Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табысталды.
Іс-шараның өтуіне қолдау көрсеткен Қамқоршылық кеңесінің өкілі *Қожахметова Вильдана Бағдатқызына, сондай-ақ демеуші, ата-аналар қауымдастығының өкілі **Жолдыбаева Жанар Ержановнаға*Tony Bellucci дүкенінің директорына алғысымызды білдіреміз.